ММА спортшысы Арман Оспановқа Lexus маркалы автокөлік сыйға берілді.

Арнайы кездесугеAlash Pride FC клубының президенті Данияр Қасқарауов пен боксшы Қанат Ислам да болды.

Спортшыға көлікті қазақстандық кәсіпкер, меценат Бауыржан Оспанов сыйлады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада «Сұңқар» ресейлік Алексей Полпудниковпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу ресейлік спортшының жеңісімен аяқталып, нәтиже үлкен шу шығарған болатын.