The Ring журналы суперауыр салмақта WBA/IBF/IBO чемпионы Энтони Джошуа мен Владимир Кличконың кездесуін 2017 жылдың үздік жекпе-жегі деп атады.

«Бұл жекпе-жекті көрген адам оны ешқашан ұмытпайды», - деп жазды журнал.

Естеріңізге сала кетсек, Джошуа – Кличко кездесуі 29 сәуірде Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтіп, 90 мың жанкүйер жинаған болатын. Джошуа 11-раундта Кличконы техникалық нокаутпен жеңді.