Жақында форбс сайтының спортқа жауапты бөлімінде спортшылардың спорттық ғұмырында тапқан жалпы табысы негізінде қаржылық қабілеттерін анықтаған екен.

Онда көрсетілуінше атақты теннисші Роджер Федерердің спорттық ғұмырында тапқан табысы 675 миллион доллар болған. 19 мәрте «үлкен дулыға» иегерінің табысының көбі жарыстарда ұтқан сыйақыларынан жиналса керек.

Швейцариялық теннисшінің сонымен қатар қора-жай әуескері екені де айтылған. Өзіне ұнамды үй сатып алуды жақсы көретін Федерер жақында 8,7 миллион долларға сәулетті саяжай сатып алған көрінеді.