«Барселона» ойыншысы Рафинья «Сельта» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Globo хабарлайды.

Жарақатына байланысты сегіз ай футболдан шет қалған жартылай қорғаушы Ресейдегі Әлем чемпионатына қатысу мақсатында ойын практикасын алу үшін тұрақты алаңға шығатын клуб қарастыруда. Алайда каталондық клуб ойыншысын жібергісі жоқ. Сол себепті бразилиялық ойыншыны тек жалға жібермек.

Өткен маусымды Рафинья «Барселона» үшін 28 ойында жеті гол соққан.