«Челси» ойыншысы Эден Азар «Реал» клубында ойнағысы келеді. Бұл туралы ойыншының әкесі жеткізді. Азардың лондондық командамен келісімі 2020-жылы аяқталады.

«Челси» клубы ойыншымен келісімді ұзартқысы келгенімен бельгиялық ойыншы асығар емен.

«Эден «Реал» клубы тарапынан ұсыныс түссе ауысу жеңіл болсын деп келісімді ұзартпай отыр. Әзірге ешқандай құжатқа қол қойылмады», — дейді Азардың әкесі

Эден Азар «Челси» қатарына 2012-жылы ауысқан.