Әлемдегі ең қымбат ойыншы Гарет Бейл мадридтік «Реал» сапындағы алғашқы ойынын 14-ші қыркүйек күні «Вильярреалға» қарсы өткізеді. Бұл туралы мадридтіктердің бас бапкері Карло Анчелотти ВВС-ге берген сұхбатында мәлімдеді.

Жаттықтырушының айтуынша Бейл Испания чемпионаты аясындағы алдағы матчты тағатсыздана күтіп жүр. Бас бапкер қорғаушыны бірінші минуттардан алаңға шығармақ.

Естеріңізге сала кетсек, «Реал» «Тоттенхэм» қорғаушысын 1-ші қыркүйек күні сатып алған.  Трансфер құны – 100 миллион еуро.

Қыркүйектің 10-шы жұлдызында Бейл Уэльс сапында Сербияға қарсы матч өткізген, алайда командасы 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Бейл алмасуға шығып алаңда 32 минут өткізді.