«Астана» өз алаңда павлодарлық «Ертіс» командасын жеңді.
 
Елдос Ахметов бірге-бір шығып есепті ашса, біраз уақыт өткен соң Дмитриенко елордалық ұжымның екінші голмен тағыда алға шығарды. Қонақтар сапындағы Юрин артынша бір голмен жауап қайтарған.
 
Екінші тайм басталысымен «Астана» он минут ішінде тағы да екі гол соғып үлгерді, Твумаси мен Сиисеро есепті іріге жеткізді. Матчтың аяқталуына бірнеше минут қалғанда Сергей Струков ойын нәтижесін қорытындылады - 4:2. 
 
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 26-шы тур.
 
«Астана»-«Ертіс» - 4:2 (2:1)
 
Голдар: Ахметов 13 , Дмитренко 32 , Твумаси 48, Сисеро 53 - Юрин 33,Струков 89.