Беларустік жартылай қорғаушы Павел Савицкийдің «Ертіске» ауысуы мүмкін деген ақпараты шындыққа жанаспайды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Павлодарлық команда аталған футболшымен ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.
- «Ертіс» клубы Павелдің кәсіби қабілеттерін жоғары бағалайды және оған мансаптық жолында сәттілік тілейді. Алайда, қысқы трансфер кезінде павлодарлық команда оған қызығушылық танытып отырған жоқ, - делінген ресми хабарламада.