«Ливерпуль» «Саутгемптон» қорғаушысы Вирджил ван Дейкті сатып алды.

26 жастағы голландиялық үшін «Ливерпуль» 75 миллион фунт берген. Осылайша, ван Дейк футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанып отыр.

Енді ол «Ливерпульге» 2018 жылы 1 қаңтарда ресми ауысады.

Әлемнің қымбат 10 қорғаушысы:

1. Вирджил ван Дейк («Ливерпуль») – 85 млн.евро

2. Бенжамен Менди («Манчестер Сити») – 57,5 млн.евро

3. Джон Стоунз («Манчестер Сити») – 55,6 млн.евро

4. Кайл Уокер («Манчестер Сити») – 51 млн.евро

5. Давид Луис (ПСЖ) – 49,5 млн.евро

6. Рио Фердинанд («Манчестер Юнайтед») – 46 млн.евро

7. Николас Отаменди («Манчестер Сити») – 44,6 млн.евро

8. Леонардо Бонуччи («Милан») – 42 млн.евро

9. Тьягу Силва (ПСЖ) – 42 млн.евро

10. Лилиан Тюрам («Ювентус») – 41,5 млн.евро