Суперорта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирес отандасы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді екінші жекпе-жекте жеңе алатынына сенімді.

«Канело екінші жекпе-жекте жеңіске жетеді. Ол мықты, ақылды және жақсы үйретілген боксшы. Ал Головкин – соққыға келгенде бәрі айтатындай құбыжық емес. Канело нокаутпен жеңеді деп ойлаймын», - деді Рамирес.

Айта кетейік, боксшылардың алғашқы жекпе-жегі даумен аяқталып, тең есеп тіркелген болатын. Енді екінші кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп жоспарлануда.