Тайландта волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Монғолия ұжымын жеңді.
 
Кездесу қыздарымыздың басым жеңісімен аяқталды - 3:0 (25:22, 25:16, 25:9).
 
Енді Қазақстан құрамасы топтағы соңғы кездесуін Австралия командасымен өткізеді.