Теннистен 23 дүркін «Үлкен дулыға» иегері Серена Уильямс осы айдың соңында Абу-Даби қаласында өтетін Mubadala World Tennis Championship турниріне қатысады.

Бұл америкалық теннисшінің биыл қаңтар айында Аустралияның ашық біріншілігін ұтқаннан кейін алғаш рет кортқа оралуы болмақ. Ол биыл қыркүйекте босанып, ана атанған еді. Енді арада үш ай өткенде үлкен спортқа қайта оралып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл турнир 28-30 желтоқсан күндері Абу-Дабиде өтеді.