Португалиялық теннисші Жоау Соуза әлемнің бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надаль тізесіндегі жарақатына байланысты жаттығуын тоқтатқандығын хабарлады.

«Надаль әлі менімен жаттығу жасауға дайын емес. Ол маған хабарласып өзін жайсыз сезінетіндігін жеткізді», — деген Соузаның сөзін Tennis World USA жеткізеді.

Қазіргі уақытта Рафа Каталонияға аттанып, тізесін емдетіп жатқан көрінеді.