Кеше «Барселона» командасының футболшылары Мадрид қаласына ұшып келген соң, сондағы жанкүйерлердің күшті наразылғына тап болған.

Ел астанасының тұрғындары каталониялықтардың тәуелсіздік алғысы келген әрекеттерін айыптап, "Испания жасасын" деп ұрандатқан.

Ал «Реал Мадрид» жанкүйерлері қарсыластарының өздеріне чемпиондық дәліз жасамағаны үшін ашулы екен. Олар «Барселона» ойыншыларын «Королдық клубқа» құрмет көрсетуге шақырды.

Енді бір сағаттан кейін «Реал Мадрид» командасы өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды.