Алматылық «Қайраттың» футзал клубының ойыншысы Фумаса алдағы маусымға дайындық барысындағы ой-пікірімен бөлісті. 
 
- Алдағы маусымға дайындық барысы туралы айта кетсеңіз. 
 
- Биылғы жылы біз дайындық жаттығуларына бір ай кешіге кірістік. «Ардуспен» кездесуге дейін он бес-ақ күн жаттыққанбыз, артынша Урал кубогына атандық. Жарыс жақсы өтті, бес күн демаллысыз ойнадық. 70 пайызға ғана дайын болғанбыз. Алайда жақсы ойын көрсеттік, бұл дегеніміз «Қайраттың» чемпиондық талас үшін кез келгенде дайын екендігін білдіреді.
 
- Ресейдегі турнирде маңызды ойындардың бірі «Тұлпарға» қарсы өтті...
 
- Өкінішке орай 3:5 есебімен жеңілдік. Қарағандылықтар УЕФА кубогында өнер көрсететіндерін ескеріп, маусымға дайындықтарын бізден бұрын пысықтай бастады. «Тұлпар» басшылығы бір қатар жақсы ойыншыларды сатып алды. Бұл кездесу біз үшін қиын өрбіді, қателіктермен жұмыс жасадық, келесі ойында (20 қыркүйекте Қазақстан Кубогы а.е) жеңуге бар күшімізді саламыз.
 
- Алдағы «Константин Еременко» атындағы жарыста қандай мақсаттар қойылуда?
 
- Қалай айтсам сізге, «Қайрат» қай жарыста ойнасын жеңіске жету мақсатын қояды. Өзім ол жарысты асығып күтемін. Мықты командалармен күш сынысамыз. «Газпром-Югра» мен қызық ойын болмақ, олардың сапында менің пікірімше әлемдегі ең үздік футзалшы Нето өнер көрсетеді. Өкініштісі «Динамо» командасы бұл жарыста ойнамайды, өте қызық ойын болушы еді.