Шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Сергей Бойченко «Қызылжар» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды отандық басылымдар.

«Қызылжар» командасы араға сегіз жыл салып перемьер лигаға қайта оралып отыр. Келесі маусым петропавлдық команданың алдында жоғары лигадағы орынын сақтап қалу міндеті тұрғаны сөзсіз. Осы мақсатқа жету үшін оларға Бойченко сынды тәжірибелі футболшылар өте керек.

Егер бұл трансфер жүзеге асатын болса, Сергей Қазақстанның оңтүстігінен ең солтүстігіне бірақ барайын деп тұр.