«Хоффенхаймның» шабуылшысы Сандро Вагнер «Баварияның» ойыншысы атанды. Бұл туралы мюнхендік клубтың баспасөз-қызметі жазды.
30 жастағы футболшымен еңбек келісімі 2020 жылдың жазына дейін жасалған.
«Баварияға» Вагнер 2018 жылдың 1 қаңтарында ауысады. Неміс шабуылшысы жаңа командасында екінші нөмірмен ойнайды.
Айта кетейік, Вагнер «Баварияның» түлегі, 2006-2008 жылдары осы клубта ойнады.
Комментарии