Елордалық «Astana arlans» өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталамақ. Бұл жайлы WSB-дің ресми сайты хабарлады.

Жаңа маусымда додаға 11 команда қатысады. Былтыр жеңімпаз атанған «Астана арландары» Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен айқасқа түседі.

Естеріңізге салайық, соңғы WSB бокс серисының финалында «арландар» кубалық «Cuba Domadores» командасын тізе бүктіріп, жарыстың үш дүркін жеңімпазы атанған.