«Ертіс» футбол клубы бірқатар бапкерлермен келіссөздер өткізіп жатыр. Бас жаттықтырушы лауазымына үміткерлердің бірі - 62 жастағы болгарлық маман Георги Дерменджиев.

Болгар маманы бүгін Павлодар қаласына келіп, клуб басшылығымен кездесті. Осыған дейін отандық БАҚ беттерінде «Лудогорецтің» бұрынғы бапкері павлодарлық командамен алдын ала келісімге келді деген ақпарат тараған болатын. Бұл - жалған ақпарат. Ертең болгарлық бапкер өз Отанына ұшып кетеді. Бұл туралы «Ертіс» футбол клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.