«Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов Today.kz сайтына берген сұхбатында елордалық команда сапындағы ең көп жалақы алатын футболшыны атады.

- Жанкүйерлерді футболшылардың жалақылары әрқашан қызықтырады. Осы маусымдағы «Астананың» ең көп жалақы алатын футболшысын атай аласыз ба? Әрине, сомасы айтпасаңыз болады.

- Ең көп жалақы алатын футболшы - 2017 жылы Африка ұлттар Кубогының үздік сұрмергені атанған, құрлықтық турнирдің үздіктер құрамына кірген Джуниор Кабананга, - деді «Астана» клубының президенті.