Испаниялық ақпарат құралдарының хабарына сенсек, «Реал мадрид» командасы осы қыста испаниялық жас қақпашыны өз қатарларына қосуды көздеп отыр екен.

«Атлетик Бильбао» командасының қақпашысы Кепа Аррисабалага «королдық команданың» көз құртына айналған секілді. Олар тіпті 23 жастағы қақпашы үшін 20 миллион евроны бірден төлеуге де қарсы емес көрінеді.

Егер жас қақпашы Испания астанасына ауысатын болса жылына 3 миллион жалақы алатыны да белгілі болып отыр.