Қазақстан Ұлттық құраасының ойыншысы Александр Кислицын Швецияға қарсы өткен ойынға өз бағасын берді.

- Жылдам кірген гол ойын жоспарын бұзды ма?

- Бірінші болып өткізіп алғанымыз өкінішті. Бірақ сол голдан кейін айтарлықтай ештеңе істей алмады. Терезісі тең ойынкөрсеттік деп есептймін.

- Шведтерден бұдан да мықты ойын күтіп пе едіңіз?

-Иә, бәлкім Ирландиямен өткен ауыр ойыннан кейін қалпына келмеді ме, мүмкін жасанды алаң олардың ойын мәнерін өзгертіп жіберген болар.

- Ибрагимовичқа қарсы ойнағанда қандай күй кештің, озықтығын байқадың ба?

- Әлемдегі үздік ойыншыларға қарсы ойнауғанда сүйсінесің.

-Ойын соңынан Златан мен Дмитренко жейде алмасты, сіз кімдікін алдыңыз?

- Жарты команда жейдемен алмасты, мен, қателеспесем, Юханссондікін алдым.

- Шабуылдарымыздың көбісі қапталдар арқылы өрбіді, солай ойнауды жаспарладыңдар ма?

- Бұл біздің тактикамыз болған, бапкеріміздің айтуынша олардың көп ойыншысы орта шепте шоғырланған. Қаптал арқылы шабуыл ұйымдастыру тиімдірек еді

- Бірінші таймнан кейін Мирославтың  көңіл-күйі қандай болды?

- Бөйтекі сөздер айтқан жоқ, бірақ қоғаушыларды сөзбен тілді.