Бүгін оңтүстік Корея футбол федерациясы 2017 жылғы жыл үздіктерінің есімін жариялады.

Оңтүстік Кореяның үздік футболшысы атағын «Тоттенхэм» командасының жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин жеңіп алды. Бұл оның үшінші мәрте осы биіктен көрінуі. Бұған дейін ол 2013 және 2014 жылдары ел үздігі деп танылған болатын.

Ол биыл лондондық команда сапында 24 ойынға қатысып, 8 гол соғып, 3 голдық пас берді.