Ресейлік «Матч ТВ» арнасының комментаторы Нобель Арустамян «Ростов» пен «Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов арасындағы келіссөз туралы айтып берді.

«Ростов» әзірге бас бапкерді таңдаған жоқ. Қазіргі таңда жаттықтырушы міндетіне басты үміткер - Станимир Стоилов. Келіссөздер нағыз қызған шағынды. Алайда келіссөз барысында қиындықтар көп туындауда. Оның ұстіне «Ростов» үміткерлерді тез ауыстыруда», — деп жазды Арустамян Твиттердегі парақшасында.