Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде түркиялық «Бешікташ» клубының шабуылшысы Дженк Тосунның «Порту» қақпасына соққан голын жанкүйерлер үздік деп таныды.

Айта кететін жайт, үздік үштікке «Реалдың» ойыншысы Гарет Бейлдың дортмундтық «Боруссия» қақпасына соққан голы (14%) және «Атлетико» сұрмергені Антуан Гризманның «Рома» қақпасына соққан голдары (13%) енді.