ПСЖ командасының бұрынғы бапкері Лоран Блан АҚШ құрамасы тарапынан команданы жаттықтыру туралы ұсыныс түскендігін жеткізді.

«Мен АҚШ құрамасы тарапынан ұсыныс алдым. Алайда қазір ұлттық құрамамен жұмыс жасауға дайын емеспін. Сондықтан мен бұл ұсыныстан бас тарттым», -деді Лоран Блан.

Естеріңізге салсақ, АҚШ құрамасы жазда Ресейде өтетін Әлем чемпионатына жолдама ала алмай, бас бапкерін қызметтен босатқан. Қазіргі таңда АҚШ жаңа бас бапкердің есімін атаған жоқ.