Қорғаушы Патрис Эвра футболшы мансабын аяқтамайтынын, қаңтар айында жасыл алаңға оралатынын мәлімдеді.

Әзірге 36 жастағы футболшы мансабын қай клубта жалғастыратынын айтқан жоқ. Айта кетейік, 10 қараша күні Эвра «Марсель» командасымен келісімшартын бұзған болатын. Бұл қадамға клуб басшылығы Эвраның Еуропа Лигасы аясындағы «Витория Гимарайншқа» (0:1) қарсы ойын алдында жанкүйерінің басынан аяқпен тебуінің кесірінен барып отыр.