Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде жеңіліс тауып мундиальмен қош айтысты.

Мирджалол Қасымовтың командасы Иорданиямен өткен қос кездесу нәтижесінде қарсыласқа жол беріп қойды.

Амманда өткен бірінші ойында тең нәтиже тіркелді - 1:1.Қарсымта матчта да жеңімпаз анықталмады. Ақыры, үздікті пенальти анықтап берді.  8:9 есебімен жеңіліс тапқан көршілеріміз әлем біріншілігін біз секілді теледидардан тамашалайтын болды.

Айта кетер жайт, 32 жастағы «Ақтөбе» шабуылшысы Тимур Кападзе қарымта матчты толықтай ойнап шықты.