«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан клубтар арасындағы әлем біріншілігін жеңіп алғаннан кейін өз әсерімен бөлісті.

«Мен «Реалдың» тізгінінде сегізінші жүлдемді жеңіп, Дель Боскеден басым түсемін деп еш ойламаппын. Ол менің жаттықтырушым болды, оны қатты құрметтеймін. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын және осы қалпымнан таймауға тырысамын. Аладай бірінші кезекте ойыншыларымды құттықтағым келеді», — деп келтіреді Зиданның сөзін Mundo Deportivo.