16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. Осы мерейлі мерекеге орай «Тараз» футбол клубының ұжымы ашық есік күнін өткізді.

Кездесу орталық стадионның баспасөз орталығында өтті. Оған ұжымның әкімшілік және техникалық қызметкерлері қатысты. Кездесуде клуб директорының орынбасары Нұржан Қаныбеков пен спорт саласының үздігі Жұмахан Нұғыманов сөз алып, тәуелсіздік мерекесінің мәні мен мағынасын атап өтті. Ел тәуелсіздігінің арқасында еліміз жылдан жылға гүлденіп, халықтың әл- ауқаты да жақсарып келеді.

Сонымен қатар, клуб қызметкерлері үшін де бүгінде барлық жағдай жасалып отыр. Материалдық- техникалық жағдай жеткілікті. Айлықтары тұрақты әрі мереке қарсаңында сыйақымен де қамтамасыз етіледі деді директордың орынбасары. Жиын соңында ұжым қызметкерлері клуб басшылығы мен облыстағы спорт саласының тізгінін ұстап отырған азаматтарға алғыстарын айтты.