Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Швециямен кездесті. 
 
«Астана-Аренада» өрбіген матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойын басталмастан бұрын шетелдік мамандар Мирослав Беранектің командасы жеңіліс табады деген.Себебі қос команданың ФИФА рейтингісіндегі алшақтығы тайға таңба басқандай көрінді. Әлемдегі 30-шы команда 149-ға қарсы. Соңғы ойындарда ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович керемет ойын өрнегін көрсетуде. Матчтағы алғашқы голды соққан да өзі болды. Небәрі 28-і секундта Ибрагимович қақпамыздың бос бұрышын тапты - 1:0. 
 
Бір гол жіберіп алған жерлестеріміздің иығынан ауыр жүр түскендей. «Гол кірді, ойнауға да болады». 
Екінші таймның басында таразы басы теңесе жаздаған. Свенссон айып алаңы маңында ереже бұзып Финонченко стандартты орындады. Қақпа алдындағы қарбаласта Хижниченко соққы жасап үлгерді. Алайда ол тепкен доп Исакссоннан қайтты.
 
Қазақстандықтар шабуылды жалғастыра берді. Алайда 64-і минутта Экдалдің тепкен добы бағанаға тиді.
 
Байжанов пен Шомконың бірнеше мүмкіндігі болған. Бірде дәлдік жетіспесе, шеберліктің де ақсап тұрғаны анық байқалды. 
Жалпы, матч барысында Қазақстан құрамасы қарсыластан еш қалыспады. Златан Ибрагимовичтің командасы да таяқ жей жаздады. мовичтің командасы да таяқ жей жаздады. Доп ұстау, алаңда қимылдау, пас дәлдігі жөнінен отандастарымыз Швециядан еш қалыспады десек артық айтқанымыз емес.
 
Қорытынды нәтиже 0:1 - Қазақстан алтыншы рет ұтылды. Бұған дейін Мирослав Беранектің командасы австриялықтармен тең ойнап Фарер аралдарын жеңген.
 
Қазақстан — Швеция 0:1 (0:1)
Гол: Ибрагимович 1
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Кислицын, Нұрдәулетов, Дмитренко, Байжанов (Хайруллин 77), Финонченко, Шомко, Богданов, Хижниченко (Щеткин 90), Коробкин
Швеция: Исакссон, Юханссон, Нильсон, Ольссон, Экдаль, Ларссон (Дурмаз 70), Свенссон (Чельстрем 87), Ибрагимович, Эльмандер (Хюсен 81), Антонссон, Качаниклич
Ескерту алғандар: Хижниченко 60, Дмитренко 84  —  Экдаль 90
Бас төреші: Мирослав Зелинка (Чехия)
10 қыркүйек. Астана. «Астана Арена».