Аргентина чемпионатының төменгі дивизиондарының бірінде «Хувентуд де Пергамино» мен «Индепендьенте Чивилькой» матчы жанжалмен аяқталды.

Алаң иелерінің жанкүйерлері матч барысында алаңға шығып, төрешілерге жұдырық ала жөнелген. Нәтижесінде, фанаттардан таяқ жеген қазылар ауруханаға жеткізілді.

Соның салдарынан «Хувентуд де Пергамино» клубы сот шешімі бойынша төменгі дивизионға түсіп қалды, бір жылға кез келген жарыстардан шеттетілді және клубқа 450 мың аргентиналық песо (шамамен, 22 мың еуро) айыппұл салынды.

Сондай-ақ, клубтың екі бапкері үш жылға дисквалификация алса, екі ойыншы екі жылға ойындардан шеттетілді.