Испания жерінде өтіп жатқан Вуельта көпкүндігінің 16 кезеңінде «Argos-Shimano» велокомандасының франциялық шабандозы Воррен Баргиль жеңімпаз атанды.
 
Француз спортшысы «Скай» командасының өкілі бірнеше секундқа ғана озып өтті. «Team Endura» командасының шабандозы Бартош Хузарский үшінші келді. «Астана» велокомандасының көшбасшысы Винченцо Нибали кешегі кезеңді 26 шы болып аятап 22 секунд жоғалтса да жалпы есепте көшбасшылықты ешкімге берер емес. Жалпы есептегі екінші және үшінші орындарды «Радиошек» өкілі Кристофер Хорнер мен «Мовистардың» шабандозы Александро Вальверде сәйкесінше өзара бөлісті. 
 
16-шы кезеңнің нәтижесі: 
 
1. Воррен Баргиль (Франция - Argos-Shimano) 3:43:31
2. Ригоберто Уран (Колумбия - Team Sky) 
3. Бартош Хузарски (Польша - NetApp-Endura) +0:03
 
4. Доминик Нерц (Германия - BMC Racing Team) +0:08
5. Хосе Эррада (Испания - Movistar) +0:20
6. Микаель Шерель (Франция - Ag2r La Mondiale) +0:37
7. Мацей Патерски (Польша - Cannondale)
8. Андре Кардосо (Португалия - Caja Rural) +0:40
9. Аметс Чуррука (Испания - Caja Rural) +0:42
10. Крис Соренсен (Дания - Saxo-Tinkoff) +0:45
 
Жалпы есеп:
 
1. Винченцо Нибали (Италия - Астана) 64:06:01
2. Кристофер Хорнер (АҚШ - RadioShack-Leopard) +0:28
3. Алехандро Вальверде (Испания - Movistar) +1:14
 
4. Хоаким Родригес (Испания - Катюша) +2:2
5. Доменико Поццовиво (Италия - Ag2r La Mondiale) +3:38
6. Николас Рош (Ирландия - Saxo-Tinkoff) +3:43
7. Тибо Пино (Франция - FDJ) +4:37
8. Леопольд Кёниг (Чехия - NetApp-Endura) +6:17
9. Самуэль Санчес (Испания - Euskatel-Euskadi) +7:33
10. Танел Кангерт (Эстония - Астана) +9:21