Қазақстан-Швеция кездесуі алдында баспасөз-маслихаты өтіп бас бапкер Мирослав Беранек сондай-ақ қақпашы Андрей Сидельников пен Нұрбол Жұмасқалиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Беранек бірден сөз алып ойыншыларының халдері жайлы баяндап берді:

- Юрий Логвиненко мен Танат Нөсербаевт жарақат алып қалды, Самат Отарбаетың да арқасы аурып тұр. Құрамаға Захар Коробовтан басқа ешкімді шақырмадық.

Нұрбол Жұмасқалиев:

- Команда алдағы ойынға тыңғылықты дайындалуда. Фарермен өткен матч артта қалды, кешегі жеңісті ұмытуымыз керек.

Андрей Сидельников:

- Бірде бір гол жібермеуге тырысамын. Қазір қарсыластың ойынын саралап жатырмыз.

- Мирослав, Швеция бізге қарсы матчта ойынның қай стилін тайңдайды деп ойлайсыз?

- Соңғы сегіз ойында шведтер басымдыққа ие боп алғашқы 60 минут бойы үздіксіз шабуылдайтынын байқадым. Ибрагимович – әлемдегі үздік ойыншылардың бірі. Бүгін қолынан ештеңе шықпаса қуанамын әрине.

Нурбол, Марат Хайруллинмен араларыңызда бақталастық бар дейді, сол рас па?

- Жоқ, қарым-қатынастарымыз түзу, ең бастысы – әрқайсысымыз да құрамаға пайда әкелуіміз керек.