Алматы қаласының Медеу ауданында, М.Горький атындағы саябақта орналасқан «Спартак» стадионында бұқаралық сырғанауға арналған тегін төртінші мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жаңа мұз алаңының салтанатты ашылу рәсіміне Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев қатысып, ұлық мереке қарсаңында құттықтауларын жеткізді.