Швеция құрамасының бас бапкері Эрик Хамрен матч алдындағы баспасөз-маслихатында бүгінгі ойынға жоспары жайлы айтып берді.

- Эрик Хамренге сұрақ. Өзіңіздің бұрынғы клубыңыз «Русенборгтың» «Ордабасыға» қарсы өткізген ойынын көрдіңіз бе?

- Жоқ, бірақ клубтың қызметкерлерімен әңгімелестім. Сондай-ақ Қазақстан жайлы «Шахтерге» қарсы ойнаған Лустигтен естідім.

- Қарағандылық «Шахтердің» «Астана-Аренада» қой сою дәстүрі бар. Ырымдарға сенесіз бе?

- Бұл жайлы естідік, Алайда сенім-намдырға назарар аудармаймын.

- Ибрагимовичте сары қағаз бар екен. Алаңға бірден шығарасыз ба?

- Үш ойыншым шеттетілу алдында тұр. Оған қоса Лустигтің сол аяғы аурып жүр. Қалай боларын әзірше айта алмаймын. Басты мақсатымыз – допқа иелік етіп, қорғаныстан шабуылға жылдам көшу. Физикалық тұрғыда қиын болайын деп тұр.

- Қаланың көркем жерлерін аралап көргіңіз келмейді ме?

- Өкінішке қарай, уақытымыз өте тығыз. Бірақ, жуырда зейнетке шықсам Қазақстанға арнайы келемін.

- Златан орта шепте көп ойнап, плеймейкер қызметін атқарып жүр. Бұл немен байланысты?

- Ойынға солай кіреді, орта алаңда оған доп тартып алу ыңғайлы.

Естеріңізге салакетсек, Қазақстан мен Швеция арасындағы матч, бүгін, «Астана-Аренада» өтеді. Басталу уақыты 22.00-де.