Америкалық бапкер Роберт Гарсия барлық салмақ дәрежесінде өз нұсқасы бойынша үздік боксшылардың рейтингісін жасады.

«Сенбілік жеңістен соң Ломаченконы бірінші орынға қояр едім. Сондай-ақ, менің тізіміме Майки Гарсия, Эррол Спенс, GGG және Канело енеді. Бұл менің ТОП-6-лығым деуге болады. Бұған Ноаю Иноуэні де қосуға болады», - деді Гарсия.