Алматылық «Қайрат» футзалдан қазақстан кубогының финалына өтті.
Олар жартылай финалда «Ақтөбемен» кездескен. Ел чемпионы ақтөбелік клубты минималды есеппен ұтты.
Матч есебін «Ақтөбе» ашқан – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Павел Таку дәлдік танытты. Алайда артынша Дуглас дубль жасап, «Қайратқа» жеңіс сыйлады.
Алматылық клуб жеңіс голын овертаймда соққан болатын.
Қазақстан кубогы – 2017. Жартылай финал
«Қайрат» 2:1 «Актобе»
Голдар: Дуглас (2) – Таку
14 желтоқсан, Рудный, «Аят» СК
Комментарии