Форвард Алан Руис португалиялық «Спортингтен» кетуі ықтимал.

Осы маусымда шабуылшы 7 матчқа қатысып, бір нәтижелі пастың авторы атанған. «Барселонаға» қарсы ойында бас бапкер Жорже Жезуш оны үзілісте-ақ ауыстырып тастаған болатын.

Егер алдағы ойындарда Руис өзін жақсы қырынан көрсетпесе, қаңтарда командадан кетуі мүмкін.

Айта кетейік, Еуропа лигасының 1/16 финалында «Спортинг» елордалық «Астанамен» кездеседі. Алғашқы ойын Астанада 15 ақпанда өтеді.