«Астана» клубының бас бапкері Sportal.bg порталына берген сұқбатында елордалық клубтан кететінін растады.

Бұған дейін болгариялық маман Стамбулдық «Фенербахче» клубының бас бапкері Айкут Кокаманның орнын басатыны туралы жазылған болатын. Бірақ команданың ішкі біріншіліктегі қатарынан бес жеңісінен кейін, түрік маманы орнын сақтап қалды. «Ең алдымен «Фенербахче» Айкут қызметінде қалды. Ол қызметінен кету туралы ұсыныс білдірді. Бірақ бірнеше күннен кейін директорлар кеңесі оның ұсынысын қабылдамай, жұмысын жалғастыра беруге рұқсат берді. Жақында агенттеріммен кездесіп, екі тарапты қанағаттандыратын келісімшарт бар-жоғын көремін. Мен Астанадан кетіп барамын. Ұсыныстар бар, әрине мен команданы Еуропадан іздеймін. Алайда, Болгария төлқұжатымен еуропалық клубтардан ұсыныс алу қиын», - деді Стойлов. Айта кетейік, Стойловтың «Астана» клубымен келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Соңғы сұқбатында болгариялық маманның өз жұмыс орнын ауыстыратыны туралы да айтып қалды. 50 жастағы маман «Астана» клубының тізгінін 2014 жылдың маусым айынан бастап ұстап келеді. Оның бастамасымен елордалық клуб қатарынан төрт рет ел чемпионы атанса, бір рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне, екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне және биыл қазақ клубтары арасында бірінші болып Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Енді біздің команда 1/16 финалда лиссабондық «Спортинг» клубымен кездеседі. Бірінші ойын 15 ақпан күні Астана қаласында өтсе, екінші кездесу 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді.

Дереккөз: vesti.kz