«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду бұрынғы бапкері Карло Анчелоттимен әлі де бірге жұмыс жасағысы келеді.

«Анчелотти - барлық жүлдеге қол жеткізген керемет бапкер. Алдағы уақытта әлі де бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын. Италия құрамасының бапкері атануы мүмкін бе? Егер өзі сол қызметті қалап барса керемет болар еді», - деді Роналду