Американдық Серена Уильямс «US Open» додасының ақтық кездесуінде белорусиялық Виктория Азаренконы жеңді. 
 
Алғашқы сет барысында ойын бір қалыпты өтті, алайда бірінші партияны Уильямс 7:5 есебімен жеңді, екінші кезеңде Азаренко тай-брейк арқасында жалпы есепті теңестірді. Үшінші ақтық сетті американдық теннисші еш қиындықсыз ұтты.
 
 Серена Уильямс (АҚШ, 1) - Виктория Азаренко (Беларусь, 2) - 7:5, 6:7 (6), 6:1
 
Осы жеңісінің арқасында Серена Уильямс US Open жарыстың бес дүркін жеңімпазы атанды.