«Астананың» жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы ықтимал.

Бұл туралы отандық БАқ өкілдері хабарлады. Егер мәскеулік «Спартак» қысқы трансферде Квинси Проместі сататын болса, өз сапына Твумасиді қосуы мүмкін. Проместі англиялық «Ливерпуль» сатып алуы ықтимал.

Айта кетейік, Патрик Твумасиге германиялық «Гамбург» пен түркиялық «Бурсаспор» қызығушылық танытқан болатын.