Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды.

«Гремио» мен «Пачука» арасындағы өткен жартылай финалдық кездесуде жеңімпаз тек қосымша уақытта анықталды.

«Гремио» қатарынан Эвертон гол соғып командасын финалға алып шықты.

Финалға шыққан екінші команда «Аль-Джазира» - «Реал» командалары арасындағы ойыннан соң белгілі болады.

«Гремио» - «Пачука» 1:0 (0:0)

Гол: Эвертон 95.

«Гремио»: Гроэ, Каннеманн, Жеромел, Бруно, Эдилсон (Леонардо 91), Луан, Мичел (Эвертон 72), Маркес, Барриос (Жаэль 55), Фернандиньо (Рафаэль 118), Рамиро.

«Пачука»: Перес, Гонсалес, Мурильо, Гусман, Агирре (Санчес 67), Мартинес, Гарсия (Сагал 101), Эрнандес, Уррета (Кано 105), Кейсуке Хонда, Хара (Эррера 91).

Ескерту алғандар: Каннеманн 23, Гусман 34, Рамиро 51, Гарсия 84, Жаэль 113.