«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов Еуропа лигасындағы «Спортингке» қарсы өтетін ойын туралы ойымен бөлісті. Еуропа лигасы 1/16 финалының бірінші кездесуі 15 ақпан күні Қазақстанның астанасында өтсе, екінші кездесу бір аптадан кейін, яғни 22 ақпан күні Лиссабонда өтеді. Стойловтың «Астананың» басты проблеммасы - ойын практикасының аздығы болады екен. «Спортинг» үшін жеребе жақсы түсті. Өйткені, ол фоварит. Бірақ біздің де команда осал емес. Өзін жақсы қырынан көрсете алады», - дейді Стоилов. «Астананың» болгариялық маманы желтоқсанда кетуі мүмкін екенін де айтты. «Болжамдар әртүрлі. «Астанада» қаламын ба, жоқ па - кейін шешемін. 100 пайыз сенімді емеспін. Бірақ мен кетуім керек», - деді бапкер.