Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті.

Елордалық команда череповецтің «Северсталь» клубын қабылдаған. Астана төрінде өткен матч 10:1 (1:0, 6:1, 3:0 ) есебімен аяқталды.

10-й минутта "Барыстың" шабуылшысы Дастин Бойд есепті ашты. Екінші кезең басталысымен Брэндон Боченски есепті еселеді. Қарсылас команда өкілі Теему Лааксо бір голмен жауап қайтарды.Бұған бұлқынған жерлестеріміз артынша 5 шайба соқты. Федор Полищук, Михаил Рахманов, Найджел Доус пен Дмитрий Уппер аттарына бір шайбадан жазды. Боченски дубль авторы атанды.Отандастарымыз мұнымен тоқтала қоймады. 44-ші минутта Роман Старченко есепті 8:1-ге жеткізді. Оны қостаған Константин Руденко тағы бір гол соқты. Соңғы минутта Найджел Доус дубль жасап «Северстальдің» үмітін жермен жексен етті.