Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігі қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер пайда көріп қалуды көздеп отыр.

Фейсбук желісінің Ларри Грим есімді қолданушысы өзінің парақшасында былай деп жазды: «Волгоград қаласында нашар қонақ үйдің бірі 2018 жылғы әлем біріншілігі қарсаңында бағасын 40 есеге, 2 500 рубльден 100 000 рубльге дейін көтерген».

Айта кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейдің сегіз қаласында өтеді.