Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылғы маусымның үздік голын анықтады.

ҚКФЛ ресми сайтында үздік он гол іріктеліп, жанкүйерлер 10 күн бойы дауыс берген болатын.

Сауалнама қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» шабуылшысы Игорь Зеньковичтің «Шахтер» қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Сауалнама қорытындысы төмендегідей:

1. Игорь Зенькович, «Шахтер» - «Ақтөбе» – 2 698 дауыс

2. Андрей Аршавин, «Қайрат» - «Астана» – 2 496

3. Исламбек Қуат, «Астана» - «Қайрат» - 942

4. Джуниор Кабананга, «Астана» - «Атырау» - 586

5. Георгий Жуков, «Ақтөбе» - «Қайрат» - 564

6. Магомед Парагульгов, «Қайрат» - «Ордабасы» - 501

7. Пабло Фонтанелло, «Ордабасы» - «Ақжайық» - 420

8. Эгон Вух, «Тобол» - «Оқжетпес» - 392

9. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - «Ордабасы» - 333

10. Исаэль Барбоза, «Ақжайық» - «Қайрат» - 309