Бұл туралы 9 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен «Қансонар» халықаралық бүркітшілер фестивалінде Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан көлемінде 70-тен астам бүркітші бар. Олар жыл сайын әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, өз біліктіліктерін сынап келеді. Бұл ұлттық дәстүріміздің дамуына айрықша үлес қосып отыр.

«Бүркітшілік өздеріңіз білесіздер, ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылығы ретінде тіркелген. Бұл тек қазаққа ғана тән дәстүр екенін әлем мойындап отыр. Ең алғашқы бүркіт те осы қазіргі Қазақстан территориясында қолға үйретілгенін де қазір барлығы біледі», - дейді Ерлен Оспанов.