Испанияның салық қызметі «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналдуды салықтан жалтару ісі бойынша айыптап отыр. Бұл туралы Sports.ru хабарлайды.

32 жастағы спортшы 2011-2014 жылдар арасында салық органдарынан 14,8 млн еуро жасырып қалды деген күдік бойынша 22 желтоқсан күні Посуэлода сот отырысы өтпек.

Егер Роналдуға тағылған айып дәлелденсе, футбол жұлдызына Испания қазынасына 30 млн еуро төлеуге тура келеді. Аталған соманың ішіне 14,8 млн еуро айппұл мен пайыздық өсім де кіреді.